USD495.2EUR522.34RUB4.94

Қайыр сұрау-күнкөріс пе, кәсіп пе?

20 желтоқсан 2019, 16:52
Өмірдің аты-өмір. Тағдырдың түрлі сынақтарына қарсы тұра алмай бір күндік тамағы үшін қайыр сұрап жүргендердің тағдыры расыменде қиын.
Қайыр сұрау-күнкөріс пе, кәсіп пе?

Бүгінде олардың саны артпаса, азаяр емес. Қазіргі таңда бұлардың түр - түрі бар десек қателеспейміз. Бірі амалсыздан, мұқтаждықтан сұраса, екіншісі тамағынан гөрі ащы суын ойлайды, бұл кәсібін бизнеске айналдырып алып, артық ақшаны жаны қиналмай тапқанына риза. Ал, бұл аталмыш бизнесте жасы мен жасамысы, еркегі мен әйелі, қазағы мен орысы бар. Қайыршы десе бұрын есімізге сыған ұлттары оралатын. Қазіргі кезде олармен қоса өкінішке қарай қазақтардың да қайыр сұрап жүргені  жүректі ауыртады.

Сондай-ақ, осы мүгедек, кемтар жандармен бірге ақ жаулықты ата-әжелер неге қайыршылардың қатарына қосылды? жылы төсекте немерелерін құшақтап отыратын ата-әжелеріміз көше кезіп жүргені жүректі қынжылтады. Осындай ақ жаулықты әжелеріміздің хәлі кімді де болса ойландырады. Әрбір адамға өз әке-шешесінен жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, бұған қарамастан, баласының бақыты үшін барын берген әкесін ұмытып, қартайған шағында шелекке түскен тиынды көзбен сүзіп отыратын хәлге жеткізген қатыгез балалар жетерлік.Осы жағдайдағы үлкен кісілердің бар үміті көше болып тұр. Кей балалар жетім болып, ана құшағына зар болса, енді біреуі ата-анасынан құтылуға  асығуда.

Қайыршылықтың тамырына балта шабу үшін ендігі ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек сияқты. Егер ұрпақ тәрбиелі болса, көше кезіп жүрген қариялар саны азаятыны хақ.

Мөлдір Нұрболатқызы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar