USD466.44EUR487.71RUB8.56

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 250 адам көз жұмды

22 маусым 2022, 14:37
Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам көз жұмып, тағы 150-ге жуығы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 250 адам көз жұмды

Америка сейсмологтарының мәліметінше, 6,1 балдық жер сілкінісі таңсәріде 51 шақырым тереңдікте болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қираған үйлерді, көшелерде шашылып жатқан сынықтар мен үйінділерді, зардап шеккен адамдарды көруге болады. Жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері елдің шекарасынан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілді. С оның ішінде Пәкістан мен Үндістан бар. Америка сейсмологтарының мәліметінше, зілзала Ауғанстан астанасы Кабулда және Пәкістанның астанасы Исламабадта да сезілді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar