USD449.58EUR486.94RUB4.86

5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

31 мамыр 2023, 16:38
1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялап, қоршаған ортаны қорғау мен жай-күйі бүкіл әлемде халықтардың әл-ауқаты мен экономикалық дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі екенін атап өтті.
5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Осыған байланысты 2023 жылдың 5 маусымында автокөліксіз күн акциясы жарияланды. Автокөліксіз күн - автомобиль газының қоршаған ортаға, қоғамға, біздің әрқайсымызға келтірер залалы туралы еске салу мақсатында өткізілен акция, сондай-ақ қоршаған ортаға зияны жоқ балама автокөліктерді пайдалану ұсынылады (велосипед, самокат, дөңгелекті коньки, жаяу қозғалыс). 
Табиғатты сақтайық, өйткені көктем-жаз кезеңінде қалаларда азот оксидтерінің негізгі көзі - автокөлік құралдары болып табылады.
Осыған байланысты бүкіл облыс тұрғындарынан акцияға қолдау көрсетуін сұраймыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar