USD448.15EUR483.46RUB4.86

АҚШ пен оның одақтастары Ресейге экспортқа толық тыйым салуды қарастыруда

21 сәуір 2023, 12:45
АҚШ пен Украинаның одақтастары Ресейге экспорттың көп бөлігіне тікелей тыйым салуды талқылап жатыр
АҚШ пен оның одақтастары Ресейге экспортқа толық тыйым салуды қарастыруда

BBC Russian ақпараттық агенттігінің жазуынша, "Үлкен жетілік" бұл шешімді мақұлдаған жағдайда, ЕО-ға мүше мемлекеттер де осындай тыйым салу шараларын енгізеді деп болжануда.

"Ресейлік агрессияны тезірек тоқтату үшін маңызды нәрсе - G7 Ресейге қарсы қатаң санкциялар мен Украинаға берік қолдау көрсету мәселесінде біртұтастықты сақтайды", - деді Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Хирокадзу Мацуно.

Bloomberg жазғандай, егер мұндай шешім қабылданса, ол дәрі-дәрмек немесе азық-түлік сияқты рұқсат етілген тауарлардың шектеулі тізімін қоспағанда, Ресейге қарсы қолданыстағы санкциялар режимін толығымен өзгерте алады.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес қазіргі уақытта Мәскеуге қарсы енгізілген санкция режимі кез-келген экспортқа рұқсат береді, ал шектеулер тек жеке тауарларға қолданылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar