USD447.4EUR477.55RUB4.76

Абай облысы мен Қытай мемлекетіне тиімді екіжақты ынтымақтастығын талқыланды

18 сәуір 2023, 12:07
Кездесуде тараптар өзара тауар айналымы бөлігінде Абай облысы мен Қытай мемлекетіне тиімді екіжақты ынтымақтастығын талқылады
Абай облысы мен Қытай мемлекетіне тиімді екіжақты ынтымақтастығын талқыланды

- Абай облысында өзара тиімді ынтымақтастыққа және бірлескен кооперациялық жобаларға дайын өнеркәсіптік кәсіпорындардың белгілі бір шоғырлануы бар. Мысалы, "Qazaq Astyq Group" ЖШС-де шыны және сыра өндірісін жаңғырту, "Семей машина жасау зауыты" АҚ-да инженерлік техниканы дайындау және күрделі жөндеу, жұмыртқа өндіру бойынша "SEMEI QUS" ЖШС-нің қуатын арттыру сияқты бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісті кеңейту мақсатында сіздердің инвесторларыңыздың ұсыныстарын қарауға дайын. Өз тарапымыздан мұндай жобаларға барынша қолдау көрсетеміз, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Бұдан басқа, қытайлық инвесторлардың назарына 55 гектарға бос алаңы және 155 гектарға кеңейту әлеуеті бар "Өндіріс" индустриялық аймағы ұсынылады.

- Келесі жылы ұзындығы 1,7 км теміржол және индустриалды аймақтың резиденттері үшін қоймасы бар тұйық жол салу жоспарлануда. Агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін біздің облыс бірегей табиғи-климаттық жағдайларға ие және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 9 млн гектар алқапқа ие, - деп толықтырды облыс басшысы.

Сонымен қатар, Цзян Вэй жасанды интеллект, жасыл энергетика, логистика, инфрақұрылым және т. б. салаларда ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar