USD449.58EUR486.94RUB4.86

Суданда қарулы күштер арасындағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 100-ге жетті

17 сәуір 2023, 15:46
Суданда бірнеше күннен бері тұрақты армия мен үкіметшіл "Жылдам қолдау күштері" әскери тобы арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы дерекке сүйенсек, қаза болғандар саны 100-ге жуықтаған
Суданда қарулы күштер арасындағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 100-ге жетті

The Guardian сайтының жазуынша ауруханаларда орын тапшылығы тіркелуде. Соңғы мәлімет бойынша 97 адам көз жұмып, 365 жан жарақат алған. Ал ауруханаларға түскен науқастарға орын жетпей жатыр. Тіпті медициналық жабдықтардың да тапшылығы байқалуда. 

"Жараланған азаматтарды қабылдайтын Хартумдағы (Судан астанасы, ред.) тоғыз аурухананың бірнешеуінде қан, қан құю жабдықтары, көктамыр ішіне сұйықтық және басқа да маңызды құралдар таусылды", - делінген ДДҰ ақпаратында.

Айта кетейік, Судан астанасы Хартум қаласында бірнеше күн бұрын күштік құрылымдар арасында қақтығыс басталған. 16 сәуір күні атыс әуежай маңында тіркелді. Тіпті Судан армиясы "Жылдам қолдау күштерінің" Хартум маңындағы базасына әуеден соққы жасаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar