USD443.85EUR474.3RUB4.8

Абыралыға айрықша көңіл бөлінеді

13 ақпан 2020, 09:23
Семейге қарасты Абыралы халқы алдында қала әкімі Ермак Сәлімовтың есеп беру кездесуі өтті. Шаһар басшысы өткен жылғы атқарылған іс-шараларға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Тұрғындар жергілікті әкімдердің атқарған жұмысына бағасын берді. Қала әкімі Ермак Сәлімов халық алдында есеп беру кездесуін Абыралы өңірінен бастады. Мұндағы тұрғындарды толғандырып жүрген мәселеріне жауап берді. Халық мал басының өсуіне байланысты жайылымдық жерлердің азайып келе жатқанын, ұялы байланыстың жоқтығын жеткізді.
Абыралыға айрықша көңіл бөлінеді

               Халық алдында есеп беру жиынын әкім Көкентау округінен бастады.  Тұрғындармен жүздесіп, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Тұрғындар қордаланып қалған мәселер бойынша сұрақ қойып, тиісті жауап алды.

               Ауылда бұқаралық спортқа, көгалдандыруға мән беріле бастаған. Футбол алаңы пайдалануға беріліп, тұрғындар күшімен шағын аллея салынды. Ауыл клубы жөнделген. Дәрігерлік амбулатура да іске қосылған.

               Қала әкімі бөлім басшылығымен бірге 2019 жылы күрделі жөндеуден өткен Айнабұлақ ауылдық округының ғимаратында халыққа жыл ішінде атқарылған жұмыстардың барысынан хабардар қылып, есеп берді. Округте нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 4 адам 12 млн.800 мың теңгеге несие алып, жұмыс орнын ашқан. Сонымен қатар мектепті сақтап қалу үшін ауылға оқушы балалары бар отбасыларын көшіріп әкелу көзделген. Сондай-ақ әкім Ақбұлақ ауылындағы мектептер мен сыныптардағы робототехника кабинетінің жұмысымен танысты. Қарағанды облысымен шектесетін Алғабас ауылдық округы – Семейге қарайтын ең шеткі елді мекен. Бұл аймақта жарықтың жиі сөніп қалуы салдарынан тұрмыстық техникалар істен шыққан.

               Халықтың мұқтажын естіген қала басшысы ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді. Сонымен қатар Абыралы ауылына ат басын тіреп, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Биыл Абыралы өңіріндегі ауылдық округтерде әлеуметтік нысандар жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз етілмек. Жиында Абайдың 175 жылдық мерейтойына атсалысуға шақырды.

               Қайнар ауылы талай жылдан бері ауызсуға жарымай отырды. 2017 жылы республикалық бюджеттен 500 миллионға жуық қаражат бөлініп, ауылға құбыр тартылып, таза ауызсу берілді. Сондай-ақ оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. 40 жыл сынақтың қасіретін тартқан өңірдің тұрғындары ем-домға зәру. Жиналған жұртшылық шаһар басшысына базынасын айтып, ауруханада педиатордың жоқтығын жеткізді. Қала әкімі Қайнар ауылындығы аурухананың қал жағдайымен танысып, халықтың жағдайын оңалту бойынша тиісті тапсырмалар берді.

                                                                                                                                                                                                          Ғ.Оразамбай

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar