USD448.15EUR483.46RUB4.86

Жемістер арасынан белгісіз зат табылды

31 қаңтар 2020, 14:23
Солтүстік Қазақстанда жемістің арасынан дәріге ұқсас белгісіз зат табылды. Мұндай препараттарды Тайынша ауданының тұрғыны алма, мандарин және алмұрттың ішінен тауып алған. Бірден полицияға хабар берген.
Жемістер арасынан белгісіз зат табылды

Алайда, бұл жемістердің өңірге қайдан және қанша мөлшерде әкелінгендігі әзірге белгісіз. Қазір осы дерекке қатысты  полицейлер қылмыстық іс қозғады. 

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Тергеуге мүдделі ведомстволардың мамандары тартылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Солтүстік қазақстан облыстық полиция департаментінің және облыс прокуратурасының басшылығы сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуін бақылауға алды, - деді облыстық ПД бас маманы Сән Жұмағазина.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar