USD448.15EUR483.46RUB4.86

ӨЛУГЕ ҰМТЫЛУ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРТ ПЕ, ӘЛСІЗДІК ПЕ?

14 тамыз 2020, 10:25
Мына заманда өз-өзіне қол жұмсау жағдайы өршіп тұр. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің ішкі болмысына жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады екен. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болғаннан туындайды. Әсіресе, бұл дерттің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны алаңдатады. Дені сау, қарны тоқ, киімі бүтін баланың өмірден түңілуіне көп жағдайда адамның жан дүниесінің тоқырауынан туындайды. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.
ӨЛУГЕ ҰМТЫЛУ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ДЕРТ ПЕ, ӘЛСІЗДІК ПЕ?

Жыл сайын 10 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Өзін-өзі өлтірудің алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың  қолдауымен «Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» күнін  өткізеді.

Статистикаға сүйенсек, орташа есепте, әр күн сайын әлемде 3000-ға жуық адам өз еркімен өмірмен қоштасады екен. Айта кетерлік, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен ғаламторда балалар және жасөспірімдердің миын улап, қорқынышқа бөлеп, суицидқа шақыратын ойын мен топтар баршылық, онымен қоса олардың әсері ой түкпірінде қала береді. Мәселен, 2017 жылы әлемдік деңгейде өз-өзін өлтіруді уағыздаған "Синий кит " ойыны қаншама жас балалардың өмірін алып кетті. Ал өрімдей бала өз өміріне неге күдер үзуі мүмкін? Иә, әр адамның өмірінде қиыншылықтар мен проблемалар кезігеді. Алайда, ол өмірден бас тартуға себеп емес. Бұл-шешім емес. Өмірден бас тарту — эгоизм деп жатады. Және суицид жасаушылар да — эгоисттер екен. Себебі, олар өздерінің қиындықтарынан айырылу үшін өз жақындарының кеудесінде орны толмас үлкен жара жасап, оларға одан да артық проблема туғызып жатады. Өзінің өміріне қол жұмсайтын адамдардың көбісі – психикалық тұрғыда дені сау адамдар, шығармашылық таланты барлар, олар қиын жағдайда, тығырықтан шыға алмай қалатын адамдар. Бір қуантарлық жағдай, елімізде суицидті алдын алу жолдары бағдарламасы енгізіліп, психологтарға көбірек жүгіне бастаған.

Мектеп оқушылары арасында 30 бала арасынан кемінде 5-6 бала өз-өзіне қол салу туралы ойлайды екен. 90% өзіне қол салудың себебі - бұл психологиялық ауытқу болып табылады. Ал оған әртүрлі себептер : кедейлік, жұмыссыздық, асқынған аурулар, тұрмыстағы мәселелер мен қаражаттың жетіспеушілігі. Ал, суицидтің алдын алу жолдарының бірі- бір-біріне деген түсіністік, адалдық, қолдау көрсету қажет. Ең қиыны да, қорқыныштысы - Суицид бір рет жасаған адам, екінші ретте қайталауы мүмкін бе? –деген сауал. Осы тұрғысында мамандар бір рет өлімнен аман қалған адам, екінші рет қайталауы әбден мүмкін дейді.

Тағы мысал ретінде, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру кезінде, ұпай жинай алмаған жасөспірімдердің қол жұмсауын алып қарасақ болады. Бұл жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Себебі, ҰБТ-ны жай ғана білім саласындағы сынақ ретінде емес,  бүкіл өмірімен байланыстырады. Тиісті балл жинай алмай осындай іс әрекетке барып жатады. Ең бірінші ата-анасының қолдауы ауадай қажет. Психологтар бұл жағдайда жан-жақты жұмыс жасаулары қажет. Ал, мамандардың айтуы бойынша ҰБТ-ның ғана әсерінен емес, бұрыннан сондай ойда жүргеннен, сол әрекетке барады дейді.

Суицидтік мінез-құлқына қатысты әрекеттер мен оның алдын алу үшін ең алдымен ата-ана баланың көңіл күйіне ерекше назар аударғаны дұрыс. Сондай-ақ, кішкентай кезінен жасөспірімдердің туыстары мен ата-анасына эмоциялық жағынан жақындық сезімін қалыптастырғаны жөн. Тіпті өзіне қол салудың дұрыс емес екенін, ұят нәрсе екенін ұғындырып, отбасылық, шығармашылық, өмірлік жоспарлар туралы жиі әңгімелескен дұрыс. Ең маңыздысы, баланың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек.

Өз-өзіне қол жұмсау - проблемадан арылудың шешімі емес. Өмір - үлкен жауапкершілік. Әрі одан әртүрлі эмоция жетегінде айырылып қалуға болмайды. Әр адамның өмірге деген көзқарасы және де санасының жетік жетілуі, психологиялық дертке шалдықпауы, өмірге, күллі адамзат құбылысына позитивті қарау — өзіне қол жұмсаудан аулақ болуының бірінші баспалдағы.

Әлия НҰРБЕКҚЫЗЫ

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar