USD495.2EUR522.34RUB4.94

Жаңа жұмыста өзіңізді қалай дұрыс ұстау керек?

06 ақпан 2023, 15:40
Жаңа қызметке қалай жылдам бейімделуге болады? Бастапқыда бәрі қиын болары сөзсіз. Жаңа орта, бейтаныс жандар... Әйткенмен бәрі өзіңе байланысты. Жұмыста өзіңді дұрыс ұстаудың бірнеше ережелері бар. Оларды сақтай отырып, жаңа орынға тез бейімделуге және әріптестермен қатынасты жеңілдетуге болады.
Жаңа жұмыста өзіңізді қалай дұрыс ұстау керек?

Адамның жаңа ұжымға кіруін және тұлға ретінде қалыптасуын үш кезеңге бөледі. Оған бейімделу, даралану және бірігу жатады. Бірінші кезеңде адам осы топта қабылданған ережелермен танысады. Екінші кезеңде тіптен, елеусіз қалмас үшін адам өзінің мықты жақтарын көрсете бастайды. Оны басқалардан ерекшелейтін, сонымен қатар, ұжым бағалайтын жағын көрсетеді. Сондықтан, жағымды қабылданады, әріптестерінің алдында мәртебесі көрінеді. Үшінші кезеңде, бірігу кезеңінде адам ұжымның толық құқықты мүшесіне айналады. Қысқаша айтқанда, бұл үш кезеңді былай түсіндіруге болады: дағдылану, өз болмысын көрсету және екі жаққа (жеке тұлға және ұжым) да жаңа әрі қолайлы бастамаға бірігу.

Еңбек нарығы зерттеушілері жаңа орынға келгенде өзіңізде жұмылдыру қажет 8 негізгі қасиетті ұсынады:

Сабырлылық. Тыныштық, өзіңізге сенімділік және әзіл сезімін сақтай отыра, жанжалдарды жеңуді үйрену қажет.

Келісімге келуге және икемділік көрсетуге дайын болу.

Басшылыққа және әріптестерге құрмет көрсете білу. Отандық менталитетпен қоса, өзіңіздің жеке адамгершілік сезіміңізді жоғалтпауға тырысыңыз.

Топта жұмыс істей білу. Өзіңізді "команда ойыншысы" ретінде сезініп, бейресми шараға болса да қызығушылығыңыз бен дайындығыңызды көрсете білу керек.

Қарапайымдылық. Артық менмендік танытпау, әріптестеріңізбен бәсекелеспеу.

Тәуелсіздік. Жағымпаз деп қабылдап қалмас үшін басшылығыңызбен "дос" болуға сұрана жабыспаңыз.  

Әділдік. Мысалы, егер сізге басқа жұмысты істеуге мәжбүрлесе, жеткілікті түрде жұмсақ, бірақ батыл түрде өзіңіздің міндеттер өрісіңізді және жауапкершілік аймағыңызды сызып көрсетіңіз.

Оптимизм. Кез келген, тіпті, ең даулы жұмыс жағдайында да барлығы жақсы болатындығына деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Жаңа жұмыс орнында не істеуге болатындығына және болмайтындығына арналған кеңестер ұсынамыз:

- Алғашқы кездері қабылданған сөйлесу стилін меңгеріп, соны қолдану керек. Егер бәрін уақытында үлгерсеңіз, артық ынта білдіріп, бәрінен бұрын келіп және ең соңынан үйге қайтудың қажеті жоқ. Себебі, қатты шаршап қалып, басқа күндері жұмысқа энергияңыз жетпей қалуы мүмкін.

- Өзіңіздің міндеттеріңізді айқын анықтап алу қажет. Сол кезде өзіңізге артық жұмыс алмай, тек өзіңіздің аумағыңызға жауап беріп, жүктелген іске толық жауапкершілік алуға мүмкіндігіңіз болады.

- Басқа қызметкерлердің немен айналысатынын білген артық етпейді. Сол кезде кей жағдайда қажет ақпаратты сол адамнан ала аласыз. Түсініксіз және белгісіз нәрсені біреуден сұрауға ұялмау керек. Үйренуге, анықтауға және сұрақ қоюға қорықпаңыз. Қаншалықты тәжірибелі маман болсаңыз да, жаңа жұмыс жаңа білімді қажет етуі әбден мүмкін. Сондықтан, біреуден ақыл сұрағаныңыз үшін өзіңізді қарыздар сезінбеңіз. Бастысы ризашылық білдіріп, алғыс айта біліңіз.

- Әріптестерге жағымпаздану міндетті деп ойламаңыз, іскерлік этикет ережесін сақтану жеткілікті.

- Жұмыста болып жатқанның бәрін дәл сізге құрылған қақпан ретіндегі жүйе немесе әріптестердің зұлым ниетімен жасалған істерінің нәтижесі деп қарамаңыз. Қандай жағдай болмасын өзіңізге деген сенімді, абыройыңызды жоғалтпаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar