USD443.35EUR475.54RUB4.82

Вице-министр Нұрғиса Дәуешов Семейге келді

10 қаңтар 2020, 10:39
ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бөрілідегі «М.Әуезов музей-үйі», жидебайдағы «Абай музей-үйі», «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне және Семей қаласындағы бас музейдің жай-күйі, дайындық және өткізу шараларының барысымен танысып, алдағы ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты талқылау мақсатында іссапарға барып қайтты.
Вице-министр Нұрғиса Дәуешов Семейге келді

Сонымен қатар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінде бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дауешов төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жоспарын таныстыру және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жаңа экспозициясын жасақтау бойынша жиын өткізілді.

Жиынға абайтанушы, ф.ғ.д., профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі А.Еспенбетов, Абай ауданының құрметті азаматтары М.Жанболатов, А.Мұқатаев, О.Кәрібжанов, Б.Орынбаев, М.Толғанбаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Е.Сайлаубай қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дауешов Семей қаласының зиялы қауым өкілдеріне Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспармен таныстырды. Жалпы республикалық жоспарда Хакім Абайдың мұрасын насихаттауға арналған халықаралық, республикалық және өңірлік мәдени-көпшілік шаралар өткізу, Абай шығармаларын шет тілдеріне аудару, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, мұрасы туралы деректі фильмдер түсіру, ғылыми –танымдық конференциялар, семинарлар мен шет елдерде ұйымдастырылатын іс-шаралар мен көрмелер және тағы басқа әртүрлі форматтағы шаралар жоспарланып отырғанын атап өтті.

Жиын барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің Семей қаласындағы Бас ғимаратының Абайдың шығармашылығы мен өміріне арналған жаңа экспозициясының тұжырымдама жобасы таныстырылды.

Республикалық «Абай» қорының Президенті, Абай ауданының құрметті азаматы О.Кәрібжанов, Абай ауданының құрметті азаматтары М.Толғанбаев, шежіреші М.Жанболатов, профессор абайтанушы А.Еспенбетов Жидебайдағы Абай музей-үйі, Семей қаласындағы бас музейдің жаңа экспозициясын жасау жөнінде өз пікірлерін білдіріп, Нұрғиса Мұратұлына ұсыныстарын жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar