Зерттеушілер ғылымның аса күрделі саласы – электромагниттік толқындардың эмбриондық дамуға әсері жайлы тың жаңалық ашқан. Қарапайым «lissachatina fulica» ұлуын зерттеуге ала отырып, олардың организмдеріне электромагниттік сәулелердің әсерімен қатар, генетикалық салдарын да қарастырған.
Бұл жоба белсенді ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға, электромагниттік толқындар мен экожүйенің күрделі өзара әрекеттесуін түсінудегі маңызды қадам болып табылады.
Жас ғалымдардың ізденістеріне биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Айнұр Қыдырмолдина мен химия пәнінің мұғалімі Меруерт Құдабекова жетекшілік жасады.
Сондай-ақ, Әлихан мен Адельдің ғылыми туындылары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының NIS желілік кезеңінде күміс медаль иеленген.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі