USD448.56EUR478.03RUB4.79

"СӨЙЛЕ, СУРЕТ"

14 наурыз 2023, 10:02
«Сөйле, сурет» атты әлеуметтік тақырыптағы кескіндемелер көрмесінің қорытынды іс-шарасы ретінде, көрме авторы, танымал суретші әрі дизайнер Аңсаған Мұстафаның Семей жұртшылығымен кездесуі өтті.

Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері , студенттер қатысты.

​Іс-шара барысында автор Қазақстан, Ұлыбритания, Корея, Бразилия, Мексика, Түркия, Иран, Аргентина және Франция сынды елдердің жетекші көрмелерінде қойылып жүрген әлеуметтік суреттерінің салыну тарихы, олардың идеясы мен мақсаты, салыну техникасы мен ерекшеліктері туралы, өз шығармашылығы мен дизайнерлік қызметі туралы әңгімеледі.

​Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. А. Бахатова мәдениет қызметкерлері атынан құттықтау сөз сөйлеп, суретшіге шығармашылық табыс тілеп, М. Әуезовтің «Абай жолы» кітабын сыйлады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar