USD446.49EUR475.38RUB4.79

498 кәсіпорын 410 колледжге қамқоршылық жасайды

27 шілде 2022, 17:02
– 498 кәсіпорын 410 колледжге қамқоршылық жасайды. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
498 кәсіпорын 410 колледжге қамқоршылық жасайды

«Оқу-ағарту министрлігі жүргізген жұмыстың нәтижесінде 498 кәсіпорынмен 410 колледжге қамқоршылық жасау туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, қамқорлық көрсетуші кәсіпорындар қамқоршылық кеңестер мен өндірістік кеңестерге мүше болып, кәсіпорын базасында педагог кадрлардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға, колледждерді зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, студенттерді одан әрі жұмыспен қамту үшін кәсіптік-өндірістік практиканы ұйымдастыруға атсалысады.

«Қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың базасында 300 мыңнан астам студент кәсіптік практикадан, 5 мыңнан астам педагог тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты», - делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында ірі кәсіпорындарға колледждерге қамқорлық жасап, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіруге, жастарды практикаға алуға, зертханалар мен шеберханаларды жабдықтауға қатысуын қамтамасыз ету керектігін айтқан болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar