USD444.22EUR476.38RUB4.82

Қазақстандық теннисші Уимблдон жарысын сәтті бастады

01 шілде 2022, 11:08
– Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші Уимблдон жарысын сәтті бастады

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін аустралиялық Джеймс Дакворт – америкалық Маркос Хиронмен өткізді. Қазақстандық-пәкстандық жұп қарсыластарынан 6:3, 6:7 (10:12), 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Екі жарым сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матч барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Олар үшінші айналымға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен таласады. Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда испаниялық Педро Мартинес Портеро – аустралиялық Джон-Патрик Смитке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды – 3:6, 6:7 (1:7), 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның екінші айналымға өткенін, әлемде эйс жасаудан көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar