Бірінші лигада өнер көрсеткен команда 28 кездесу өткізіп, 76 ұпай жинап, көптен күткен кубокка ресми түрде ие болды.
Маусымның соңғы матчында «Елімай» ФК мен «Ақжайық» ФК кездесті. Ойында семейлік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары Павел Яковлев пен Бека Кавтарадзе.
«Елімай» ФК жеңіске жету жолында өте тәжірибелі спортшылардың командасын жинай алды. Маусым барысында бірде бір жеңіліс көрмеген футбол клубының әр матчына мыңдаған жанкүйер келіп, қолдау көрсетіп отырды.