Сондай-ақ, аты аңызға айналған каратэнің көне мектептерінің бірі болып келетін Абай облысының киокушинкай каратэ федерациясының ұйымдастыруымен дәстүрлі Кекушинкай каратэ бойынша «Рухы күшті» клубаралық Семей қаласының Ашық турнирі өтті. Турнирге Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласынан және Абай облысы Семей қаласының кекушинкай каратэ спорт мектептерінің 8 жастан – 17 жасқа дейінгі 100 – ден астам спортшылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жарыс барысында федерация тарапынан өткізген аттестациялау қорытындысы бойынша қоңыр, жасыл және сары белбеулерге ие болған спортшылар марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Спорт күнін мерекелеу аясында ағымдағы жылдың тамыз айының 20-ы күні қалада асық ойынынан, армрестлингтен, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбыдан, велоспорттан, баскетболдан, воркауттан, таеквондо /WT/ және т.б. көптеген спорттық шаралар өтті.