Турнирге облысымыздың аудандарымен қалаларынан келген шабандоздар тай, құнан және аламан бәйге сындарынан тұратын қашықтыққа қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Турниге 60-тан аса cәйгүліктер мен шабандоз қатысып бақтарын сынады.
«Бұл жарыс түрі облысымыз құрылғалы бері алғаш рет өткізіліп тұр. Қалалық бәйгеден үздік шыққан жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бәйгені тамашалауға келген көрермендердің саны көп болды. Болашақта басқа да ұлттық спорт ойындардан дәл осындай турнир өткізу жоспарымызда бар», -деп атап өтті спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды. Сонымен бірге демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді.