USD443.85EUR474.3RUB4.8

Даниил Медведев – Astana Open ATP 500 турнирінің бірінші ракеткасы

16 тамыз 2022, 16:45
– 1-9 қазан күндері АТР 500 сериясы бойынша Қазақстанда алғаш рет Astana Open турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Даниил Медведев – Astana Open ATP 500 турнирінің бірінші ракеткасы

Қазақстан теннис федерациясы айтулы додаға қатысушыларды таныстыруды әлемнің 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевтен бастады.

Даниил 1996 жылы 11 ақпанда Мәскеуде дүниеге келген. Қазіргі кезде Монте-Карлода (Монако) тұрады.

Тенниспен алты жасынан айналысқан Д. Медведев кәсіпқой спорттағы жолын 2014 жылы бастады. Сол жылы бірнеше рет ITF додаларында жеңіске жетті. ATP жарыстарында 2015 жылдан өнер көрсетіп келеді. Орыс, ағылшын және француз тілдерінде сөйлейді. Көгалдағы төсеніште ойнағанды және доп қабылдағанды жақсы көреді. Мюнхендік «Бавария» клубының жанкүйері. Футболшылардан Роберт Левандовски мен Давид Алабаны пір тұтады.

Даниил 2010 жылы 18 жасқа дейінгілер арасында Өскемен қаласында өткен ITF Junior G3 жарысына қатысты. Ал, 2016 жылы әлемнің 171-ракеткасы ретінде Нұр-Сұлтанда ҚР Президенті кубогінде ATP Challenger турнирінің ширек финалына дейін жетті.

Табыстары: 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, үш «Үлкен дулыға» турнирінің (АҚШ ашық чемпионаты – 2019, Аустралия ашық чемпионаты – 2021 және 2022) финалисі, 2020 жылғы ATP қорытынды додасының чемпионы, 14 ATP жарысының жеңімпазы, Ресей құрамасы сапында Дэвис кубогі мен 2021 жылы ATP кубогін жеңіп алды. Ресей тарихында жекелей сында «Үлкен дулығада» үздік шыққан үш теннисшінің бірі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирін сәтті бастағанын, қазақстандық жасөспірімдердің әлемдік рейтингіде жеке рекордтарына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Фото: baigenews.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar