USD449.58EUR486.94RUB4.86

«Тобыл» жарысты жалғастыра алмайды: футболдан UEFA Конференция лигасы

12 тамыз 2022, 11:29
- Футболдан UEFA Конференция лигасында Қостанайдың «Тобылы» жарыстың үшінші сатысынан аса алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тобыл» жарысты жалғастыра алмайды: футболдан UEFA Конференция лигасы

«Зриньски» командасы 1905 жылы құрылған. Өзінің елінде жеті мәрте чемпион атанды.

Екі команда 2010/11 жылғы кезеңде Еуропа лигасында бір мәрте шеберлік байқасты. Екеуінде де аталған клуб 2:1, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сол кеткен есені «Тобыл» қайтара ала ма?

Кездесу барысында босниялық команда сапынан Марио Чуже 34-минутта есеп ашып кетті. Оған 53-минутта қостанайлық командадан Серж Дебле таразы басын теңестірді.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Зриньски» 1:0 есебімен басым түскен еді.

Жарысты жалғастыруға «Зриньски» мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бүгін Петропавлдың « Қызылжары « Кипрдің «АПОЭЛ» командасына жол берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» және «Қайрат» жарыс жолынан шығып қалды.

Фото: sports.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar