USD448.15EUR483.46RUB4.86

"Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде

15 қыркүйек 2022, 10:18
Жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында Өскемен қаласының аумағында 14-16 қыркүйек аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Өскемен қаласының полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес "әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған өндіріс негіздері" бойынша борышкерлердің әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% - ын төлеуге құқығы бар екенін еске салады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, тұлға айыппұл төлеу қажеттігі туралы тиісті хабардар етілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% - ы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұл толық көлемде төленеді.

Ведомствоның баспасөз қызметі айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім қарастырылғанын атап өтті. Айыппұл төленбеген жағдайда жоғарыда көрсетілген мерзімде әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік не жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar