- Жоспарда тұр.
- Жоспарға аламыз.
- Жоспарға сай.
- Жоспарларда болады.
- Неге жасамасқа? – міне болды.
Ал енді, жаңағы кебеже қарын кең құрсақ көкеміз алма кезек құбылып жүреді. Бірде қабағынан қар жауып, жыны бар бақсыдай суыт болса. Кей кездері көңілі жайдарынқы келсе, екі қолын қарынының үстіне қойып ыхпыш-ыхпыш деп, пырылдап сүтке тойдырған сәбидей сүп-сүйкімді болып, ұйықтап отырады. Шіркіннің момақан түріне қарап оятқыңда келмейді ғой. Біздікілерді жапондар көрсе, таңданып сүйсінетін шығар. Оларда жұмыста ұйықтап қалу көп жұмыс жасап, қызметін белсенді махаббатпен атқарады деп санайды. Жаңағы көкебайдың көмекшісінің қызметін өзінің туған інісі атқарады. Оған қоса мектеп оқитын ұлы да бар екен. Ұстазы тақтаға шығарып үй тапсырмасын сұрап, дәптерін тексерейін десе, былай дейді.
- Мен әлі үй тапсырмасын толықтай орындап бітпедім.
- Жасап жатырмын.
- Дәптерім тұр.
- Үйімде қалған.
- Келесіде болады.
- Болмаса жаңа дәптер ала саламын, – деп қырық сылтауымен сытылып жақсы баға алып жүре береді. Құдайдың құдіреті-ай десеңші, алма алма-ағашынан алысқа түспейді деген осы шығар. Тұлғаны жасауға ықпалы тиетін бірден-бір себепкер ата-ана, және дұрыс тәрбиесі. Екіншіден, ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы дегендей, мектептегі ұстазы мықты болуы шарт. Ел боламын десенң, бесігінді түзе. Ұмытпай, ұйықтамай жүрейік!
Ерзат Рахатбек