USD0EUR0RUB0

Семейлік NIS оқушылары республикалық пікірсайыс турнирінде жеңіске жетті

02 қазан 2025, 12:32
Shakarim University базасында өткен Республикалық пікірсайыс турнирінде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары топ жарды. Айсұлтан Мұрзағазин, Айзат Слям және Аружан Мұздыбай ағылшын лигасы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломға ие болды.
Семейлік NIS оқушылары республикалық пікірсайыс турнирінде жеңіске жетті

Ауқымды турнирге еліміздің барлық өңірінен 2024–2025 оқу жылындағы қалалық және облыстық деңгейдегі сайыстардың жеңімпаздары жиналды. Жарысқа жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 60 командасы, яғни 180-ге жуық оқушы қатысып, өзара білім мен ой-өріс сайысын өрбітті.

Пікірсайыс алаңын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Абай облысының білім басқармасы жанындағы «Дарын» орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Пікірсайыс – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, шешендік пен дәлелді сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын бірегей орта. Бұл бағыт Семейдегі Зияткерлік мектепте жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Айсұлтан Мұрзағазиннің айтуынша, өткен оқу жылы мектептегі Зияткер дебат клубының жұмысы аясында 60-тан астам оқушы пікірсайысқа белсенді қатысып, өз ойын ашық жеткізу мен пікір алмасу мәдениетін жетілдіруге атсалысқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar