Спектакльдің авторы – белгілі ақын Мерей Қарт. Қойылымның негізгі идеясы – ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі терроризм мен экстремизм қатеріне қоғам назарын аудару. Терроризм – тек жекелеген адамға ғана емес, тұтас қоғам мен мемлекетке төнетін үлкен қауіп.
Қойылымда сауаты төмен, өмірлік тәжірибесі аз, нанғыш жастардың теріс ағымға еріп кету қаупі шынайы көрсетілген. Ешбір жас өзінің болашағын қасақана қиянатқа байламайды. Алайда олардың адасуына түрткі болып, зұлым мақсаттарына пайдаланатын күштер де бар. Сондықтан мұндай қасіреттің алдын алу үшін қоғам болып жұмылып, жас ұрпаққа дұрыс бағдар беру аса маңызды.
«Белгісіз бағыт» қойылымы – көрерменді ойландыруға, сақтандыруға, әсіресе жастарды теріс ағымнан қорғауға бағытталған тағылымды туынды.