USD0EUR0RUB0

Семейде 287 ішек инфекциясы тіркелді

22 тамыз 2025, 11:18
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Семей қаласында ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында ішек инфекциясының 287 жағдайы анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев хабарлады. Оның айтуынша, тіркелген жағдайлардың басым бөлігі жекелеген оқиғаларға жатады.
Семейде 287 ішек инфекциясы тіркелді

- Қаладағы  мектептері мен балабақшалар асханаларында топтық улану фактілері тіркелмеді. Дегенмен жаз мезгілінде тамақтан улану деректері жиілейтіні белгілі. Бұған ауа температурасының жоғарылауы, микроорганизмдердің тез көбеюі және бақша дақылдарының пісіп-жетілу кезеңі әсер етеді. Көкөніс пен жемістерді жумай жеу немесе тағамды өңдеусіз пайдалану балалар мен ересектер арасында инфекцияның көбеюіне әкеледі, - деді спикер.

Мамандардың айтуынша, қаладағы білім беру ұйымдарының асханалары мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатаң бақылау орнатылған. Жыл басынан бері құс өнімдері мен кремді тағамдар дайындайтын кәсіпкерлерге арналған 3 семинар, сондай-ақ базарларда «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында 6 акция ұйымдастырылды. Сауда орындарында 400-ден астам көрнекі құрал таратылып, өнімдердің сапасы зертханалық тексерулерден өткізілді.

— Тексеру барысында кейбір тағамдардың сақтау шарттары талапқа сай еместігі анықталды. Бұл тағам арқылы жұғатын аурулардың негізгі көзі болып табылады, — деді басқарманың жетекші маманы Дана Төленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar