USD0EUR0RUB0

Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты музыкалық кеші өтті

05 тамыз 2025, 10:43
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар аясында көрнекті күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің қатысуымен «Абай жолы» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты музыкалық кеші өтті

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды. Оның күйлері арқылы қазақ халқының болмысы, табиғатқа, өмірге, адамға деген көзқарасы саз тілімен өрнектелді.

Қала тұрғындары мен қонақтары, өнерсүйер қауым кешке көптеп жиналып, залға лық толған көрермен қазақтың дәстүрлі өнерін ерекше ықыласпен қабылдап, шынайы ризашылықтарын білдірді.

«Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі дәстүрлі саз өнері мен заманауи классиканы шебер ұштастырып, Абай шығармаларына арналған музыкалық интерпретацияларды жоғары деңгейде ұсынды. Оркестр орындауындағы әрбір шығарма көрерменге терең ой салып, әсерлі әуендерімен тыңдаушының жүрегінде ерекше із қалдырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar