USD503.42EUR542.08RUB6

Семейлік оқушылар республикалық ғылыми байқауда үздік нәтиже көрсетті

26 ақпан 2025, 15:04
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жыл сайын ұйымдастыратын республикалық ғылыми жобалар байқауында семейлік оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. Облыс намысын қорғаған Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының екі жобасы да жүлделі I орынға ие болды.
Семейлік оқушылар республикалық ғылыми байқауда үздік нәтиже көрсетті

 Биыл Ақтөбе қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағытындағы конкурстың қорытынды кезеңінде қазылар алқасының назарына 433 ғылыми жоба ұсынылып, 577 оқушы өз зерттеу жұмыстарын қорғаған.

Жер және ғарыш туралы ғылым секциясы бойынша 11-сынып оқушылары Ақылжан Ахметқали мен Айқын Булегенов геостационарлы орбитадағы ғарыштық қоқысты тазалайтын «Orbital Guardian» инновациялық құрылғысын ұсынды. Ғылыми туынды аэрогельмен қапталған иондық қозғалтқыш пен арнайы ұстап алу қапшықтары арқылы орбитаны кез келген мөлшердегі қоқыстан тазартуға мүмкіндік береді.

Құрылғыдағы жұлдызды датчиктер қоқысты анықтап, иондық тартқыш көмегімен қайта өңдеу орындарына тасымалдайды. Жоба аясында құрылғының макеті жасалып, мектеп жағдайында иондық қозғалтқышты сынақтан өткіздік. Қоқысты жинау үшін YOLO нейрожелісін қолданатын бағдарлама жасадық, - дейді зерттеу жұмысы жайлы ақпаратпен бөліскен жас өнертапқыштар.

Келесі қолданбалы математика секциясы бойынша Ерасыл Базарбаев мектеп оқушыларына математика пәнін жеңіл үйрету мақсатында «math12.studio» онлайн білім беру платформасын әзірлеген. 11-сынып оқушысының айтуынша, бүгінде 9 000 пайдаланушысы бар платформа тапсырмаларды жылдам шешуге, пән бойынша білімдерін тереңдетуге жол ашады.       

Аспан мен математика әлеміне қызығушылығы мол жас зерттеушілерімізді жарысқа Анар Таяпбергенова, Нұрғазы Тұрсынғазин, Азиза Ахтанбердина есімді ұстаздар даярлаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar