USD524.65EUR552.19RUB5.14

Семейдегі жаңа инвестициялық жоба: Зауыт алғаш рет 1000 тонна шинаны қайта өңдеді

20 қараша 2024, 15:03
Абай облысында инвестициялық жобалар қарқынды дамуда. 2028 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылып, 2 трлн теңгенің 23 жобасы енгізілді. Бұл жобалар 7 мыңға жуық жұмыс орнын құруды көздейді.
Семейдегі жаңа инвестициялық жоба: Зауыт алғаш рет 1000 тонна шинаны қайта өңдеді

Бүгінде 7,5 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 225 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ, Агроөнеркәсіптік кешенде 7,3 млрд теңгеге 17 инвестициялық жоба іске қосылды.

«Эйкос» ЖШС-де пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу - табысты инвестициялық жобалардың бірі. Жобаның қарқыны жылына 12 мың тонна болатын зауыт қазірдің өзінде шамамен 2,75 млрд теңге инвестиция тартты.

Кәсіпорын төрт айлық жұмыс нәтижесінде 1000 тонна шинаны қайта өңдеген. Алдағы уақытта жыл сайын 12 мың тоннаға дейін қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінде  зауытта 85 адам қызмет атқарады. Осыған орай, арнайы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.  Іс-шара барысында журналистер өңдеу технологиясымен танысып, зауыт басшылығымен жобаның өңіріміз үшін маңыздылығын талқылады.

Мекеме қайта өңдеудің екі әдісін қолданады: термиялық және механикалық. Жыл сайын пайдаланылған шинадан: 600 тонна пеш отынын, 600 тонна брикеттелген түйіршікті, жоғары лигирленген болаттан жасалған сымды, сондай-ақ, әр түрлі фракциядағы 6300 тонна резеңке түйіршіктерді, 1500 тонна металл сымды және 1600 тонна тоқыма талшығын алу жоспарлануда.

Өндірілген резеңке үгіндісі: спорт және ойын алаңының жабындарына салуға, автомобиль аксессуарлары мен модификацияланған битум жасауға қолданылады. Сонымен қатар, зауыт су беттерін мұнай төгілуінен тазарту үшін материалдар шығарады.

Зауыт жұмысының алғашқы нәтижелері туралы «ЭЙКОС» ЖШС Бас директоры Александр Соловьев айтып берді.

—    Қазіргі күні 1000 тонна шикізат қайта өңделді. Оның ішінде 450 тонна резеңке үгіндісі, 50 тонна шина пиролиз майы шығарылды. Бұдан бөлек 200 тонна металл — жоғары легирленген болат және халық тұтынатын материалдарды қайта өңдеуді жоспарлап отырған тоқыма бұйымдары алынды. Зауыт жұмыс істеген уақытта 3000 тоннадан астам пайдаланылған шиналар жиналып, үш стихиялық автошиналар үйіндісі жойылды, — деп атап өтті зауыт директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar