️Егер күндізгі бөлімде оқитын студенттер жұмыс істесе, жұмыс беруші олар үшін МӘМС жарнасын төлемейді. Студент жұмыс берушіге оқу орнынан анықтама беруі керек.
Қазақстанда күндізгі бөлімде оқитын студенттер оқу басталысымен МӘМС жүйесінде автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады.
Шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін алу үшін электронды үкімет порталында «Шетелде оқитын студенттер» бөлімінде тіркелуі қажет.