USD447.4EUR477.55RUB4.76

Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті

02 маусым 2023, 17:02
Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шәкәрім мектеп-гимназиясында болып, ұстаздар мен оқушыларды, мектеп түлектерін құттықтап, мектеп бітіретін түлектерге ақ жол тіледі.
Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті

“Мектеп– қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен кемеңгерліктің, таным мен тәрбиелі істердің қасиетті ордасы. Ендеше, бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміз оқушылық өмірде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңіріп, байыпты бағдарын бойларына дарытып, білім көкжиегін кеңейте білді деп санаймын Жарқын болашаққа бастар жолдарыңызға ақ жол тілеймін.”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Қаламызда биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша  1937 түлек тәмамдады. Олардың ішінде  60 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып табылса,  155 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.

Осы оқу жылында Семей қаласының оқушылары  республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға  қатысып, айтулы жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, Семей қаласынан  ғылым негіздері бойынша олимпиаданың  облыстық кезеңінде 83 орын, республикада 243 орын, Ғылыми жоба  бойынша облыста 71, республикада 4, халықаралық деңгейде 2 оқушы жүлдегер атанды. Спорттық сайыстар мен шығармашылық конкурстардың республикалық кезеңінде 85 орын болса, халықаралық спорттық жарыстарда 43 жеңімпаз анықталды.

Салтанатты жиын барысында мерекелік концерт ұйымдастырылды. 11 түлектердің қатысуымен соңғы қоңырау соғылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar