USD448.15EUR483.46RUB4.86

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов балалар үйіне барды

01 маусым 2023, 16:39
Семей қаласының мамандандырылған балалар үйінде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған шара өтті.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов балалар үйіне барды

Қала әкімі еліміздің ертеңі болатын жас жеткіншектерге ізгі тілегін жеткізіп, тәрбиешілерге де алғыс  білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. 

«Баршаңызды жадыраған жаздың алғашқы мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дана халқымызда «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген ұлағатты сөз бар. Құрметті менің жас достарым,  болашақтарыңыз жарқын болсын! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін!» - деді қала әкімі Н. Нұрсағатов.

Іс - шара барысында аниматорлар,  ертегі кейіпкерлері өнер көрсетті. Балалар қонақтарға мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar