USD444.32EUR473.33RUB4.76

Құрметті семейліктер мен қала қонақтары!

29 мамыр 2023, 16:58
Сіздердің назарларыңызға 1 маусым - балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағларламалардың кестесін ұсынамыз.
Құрметті семейліктер мен қала қонақтары!

Биыл, 1 маусым күні, қаламыздағы барлық мектептерде 9:00-12:00 аралығында соңғы қоңырау өтеді. Сондай-ақ, Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 маусым күні түрлі мерекелік бағдарламалар өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, музейлерге экскурсия жасау, Ертістің оң жағалауында флешмоб, спорттық ойындар, балаларға арналған викториналық конкурстар, пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады. 

Мерекеге орай Әуезов алаңында, Арбатта, Бейбітшілік алаңында, Қарағайлы шағын ауданында Халықаралық балалар күніне орай мерекелік концерт өтеді. Сондай-ақ қаланың шеткері аумақтарында Дальняя, Жоламан, Степной, Бобровка, Восточный кенттерінде концерттік бағдарлама өткізу жоспарланды.

 1 маусым күні - Ертістің оң жағалауында «Балалық шақ, достық шақ болсын бейбіт өмірде!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең көлемді мерекелік бағдарлама ұйымластырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar