USD449.3EUR489.69RUB4.89

Биыл Семей қаласында 60 оқушы “Алтын белгі” белгісіне үміткер

25 мамыр 2023, 11:34
Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев мәлімдеді. Биыл 1 Мамыр күні Семей қаласы бойынша   11 сыныпты  1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде   «Алтын белгі» белгісіне  үміткерлер саны-60, үздік аттестатқа- 155.
Биыл Семей қаласында 60 оқушы “Алтын белгі” белгісіне үміткер

- ”Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы “Алтын белгі” белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде “Алтын белгі” мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз  айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге  1417 (73,1%)  оқушы қатысты.Орташа балл - 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен  жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады”, -деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.

Семей қаласы бойынша мамыр, маусым  айларында  өтетін  негізгі ҰБТ-ға   1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar