USD449.3EUR489.69RUB4.89

Қала әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

24 мамыр 2023, 17:16
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланған көшпелі жиын өтті.
Қала әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

Оған қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Қала әкімі өткен қыста жылу беруге қатысты туындаған мәселелердің қайталанбауы керектігіне тоқталды.

«Өткен қыс айларында бірқатар қазандықтарда жылу беруден проблемалар болғаны рас. Әрине, жедел ден қоюдың арқасында  дер кезінде шаралар қабылданды. Бірақ биыл ондай олқылықтардың алдын алуымыз керек. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің тұрғындарына, КСК, ОСИ төрағаларына жертөледегі жылу жүйесін тексеріп, қыркүйекке дейін дайындық паспортын алу керектігін ескерту керек.  Бұдан бөлек, қала бойынша жылу желілерін тексеру, жұмыстарын ертерек қолға алуды тапсырамын",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar