USD459.75EUR494.14RUB5.54

Семейде «Street workout»-тен жазғы маусым басталды

23 мамыр 2023, 15:59
Семей қаласы әкімдігінің спорт бөлімінің ұйымдастыруымен көше спорт түрлері өкілдері аспалы көпір астындағы «Workout» алаңында жиналып, өз өнерлерін ортаға салды. 20-дан астам әуесқой спортшылар бір- бірлеріне шеберліктерін көрсетті.
Семейде «Street workout»-тен жазғы маусым басталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында қозғалысты насихаттау болып табылады.

«Көше спортына қызығушылардың қатары күн санап артып келеді. Оларға ыңғайлы жағдай жасау үшін жергілікті билік тарапынан да қолдау бар. Атап айтқанда, қаланың әрбір бөлігінен арнайы алаң ашылып, онда тұрғындар тұрақты түрде жаттығып жүр. Жаз маусымы басталғандықтан, әр аптса сайын осындай жиындарды өткізуді жоспарлаудамыз», -деді спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar