USD449.3EUR489.69RUB4.89

«КІТАПХАНАДАҒЫ БІР ТҮН»

23 мамыр 2023, 15:35
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №12 кітапхана-бөлімшесінде «Кітапханадағы түн» әлеуметтік-мәдени акциясы «Кітапханадағы бір түн» тақырыбы аясында өткізілді.
«КІТАПХАНАДАҒЫ БІР ТҮН»

Акцияның негізгі мақсаты: кітапхана ісін дамыту, қызықты адамдармен және қоғамдық ұйымдармен кәсіби ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздестіру, кітапхана жай кітап сақтайтын орын ғана емес, ол қарым-қатынас, диалог және демалыс үшін қолжетімді алаң екенін көрсету.

Іс-шара сағат 20:00-де басталды және шара қонақтары өз қалауы бойынша ойын-сауыққа қатысты. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін қызықты түнгі мәдени бағдарлама дайындалды: кинотеатрда ойындар, ойын-сауық (поэзия, гитарамен ән айту), караоке, фотоаймақ, kofetime және «Бенджамин Баттонның жұмбақ тарихы» атты қызықты фильмі көрсетілді. Бұл кеш келушілерге ұмытылмас әсер калдырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar