USD444.32EUR473.33RUB4.76

Нұрбол Нұрсағатов: Әр тұрғын қаланың санитарлық тазалығына белсенді үлес қосуы керек

29 наурыз 2023, 12:28
Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын тұрақты түрде қаланың санитарлық тазалығы бойынша кәсіпорын басшыларымен тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 35, 20 квартал аудандарына барып, қаланың санитарлық тазалығы туралы көшпелі кеңес өткізді.
Нұрбол Нұрсағатов: Әр тұрғын қаланың санитарлық тазалығына белсенді үлес қосуы керек

Семей қаласының әкімдігі 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында қалада санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Осыған байланысты, қала басшысы тиісті кәсіпорындарға тазалық акциясы кезінде аумақты түгел тазалауды тапсырды.
”Осы сенбіден бастап әр мекеме ұжымдары, әрбір бизнес нысаны, көп қабатты үйлер тұрғындары өз аумақтарын тазалауға тиісті. «Теплокомэнерго» КГП маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына апаруды тапсырамын. Қандай да бір қоқыс кәсіпорындардың маңында болмауы керек. Семей қаласы ооблыс орталығы болғандықтан, әр тұрғын қаланың санитарлық тазалығына белсенді үлес қосуы керек”, -деді қала әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, осы сенбіден бастап тұрақты түрде сенбіліктер басталады. Сенбі күндері екі ай көлемінде ҚТҚ полигоны қоқысты тұрғындардан (жеке тұлғалар үшін) тегін қабылдайды.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar