USD448.15EUR483.46RUB4.86

Санитарлық жұмыстарды ұйымдастыру

28 наурыз 2023, 11:42
Қала әкімі қала аумағында санитарлық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Оған қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты
Санитарлық жұмыстарды ұйымдастыру

Нұрбол Нұрсағатов  ТҮКШ бөлімінің басшылығына көше жолдарын тазалауға жауапты мердігерлерге қатаң талап қоюды жүктеді. Жолдарды жазғы күтіп ұстау жұмыстарын міндетіне алған мердігерлер жұмыс режимін күшейтулері керек.

Сондай-ақ, қала әкімі осы аптада сенбіліктер басталатынын және меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұжымдар, тұрғындар жалпы қалалық тазалық шараларына қатысу керектігін ескертті.

"Санитарлық тазалық жұмыстарының екі айлық науқанын жариялаймыз. Қаламызда қыстан шыққан қоқыс көп. Әр мекеме ұжымдары, әрбір бизнес нысаны, көп қабатты үйлер тұрғындары өз аумақтарын тазалауға тиісті. Саябақтарды, скверлерді, көшелерді тазалауға да бір кісідей жұмылып кірісетінімізге сенемін.
Сондай-ақ, шеткері аумақтарға жауапты менің бас инспекторларым санитарлық тазалау мекемелеріне талапты күшейтулері керек",- деді қала әкімі.

Айта кету керек, автомобиль жолдарының тазалығына мердігер мекемелердің 70 жол жұмысшысы, 30 арнайы техникасы кірісті. Мердігер мекемелер күнделікті жол жиегін құмнан тазарту жұмыстарын атқарады. Қазір көшелерді сыпыру және арнайы вакуумды-сыпырғы көліктерін қысқы мезгілден жазғы мезгілге көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar