USD443.85EUR474.3RUB4.8

Қош келдің, Әз-Наурыз!

21 наурыз 2023, 14:16
Семей қаласының шеткері аймақтарында Наурыз мейрамын тойлату бүгіннен басталып кетті
Қош келдің, Әз-Наурыз!

Дальняя көшесі ауданында орналасқан №38 мектеп алаңында Наурыз мейрамын атап өтті. Халыққа мерекелік концерт қойылып, қазақтың ұлттық ойындарынан  жарыс өтті.  «22 наурыз мейрамына қарсы 21-22-23 наурыз күндері шара өткізіп жатырмыз. Қала әкімдінің көмегімен осы ауданның азаматтарымен мереке ұйымдастырдық. Бұл жерде ұлттық ойындардан жарыс болады, концерттік бағдарламалар, наурыз көже мен палау тегін таратылатын болады. Халық атсалысып келіп жатыр, бәрі ойдағыдай болады деген ойдамыз»,-дейді қала әкімдігінің бас инспекторы.

Күріш, наурыз көже бауырсақ сияқты тағамдар келген қонақтарға тегін таратылды. Бағдарламада  әндер айтылып бүлдіршіндердің ұлттық биі ұсынылды. Іс-шарада дәм ұсынылып, сондай-ақ қолдан жасалған бұйымдардан әзірленген көрме назарымызға ілікті.

«Бүгінгі көрме қазақи Наурыз мейрамына орай қолдна жасалған халыққа көрсету, дәріптеу үшін ұйымдастырылып отыр. Басты мақсатымыз келешек ұрпаққа ұлттық әшекей-бұйымдарды, салт-дәстүрді көрсету арқылы ұлттық сананы ашу»,- дейді №38 мектеп балабақшасының тәрбиешісі Нұрсұлу Дәулетова.

Онда: ұлттық нақышта өңделген қазақ үй, ұсақ моншақтардан жасалған алқа, тоқыма бұйымдары, қабырға суреттері қойылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar