USD444.22EUR476.38RUB4.82

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың елді мекен тұрғындарына тоқсандық есеп беру кездесуі басталды.

06 ақпан 2023, 15:10
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Семей қаласының қарамағына қарайтын елді мекен тұрғындарына тоқсандық есеп беру кездесуі басталды.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың елді мекен тұрғындарына тоқсандық есеп беру кездесуі басталды.

Қала әкімі ең алдымен Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу 2022 жылы күрделі жөндеуден өткен ауылдық клуб үйінде өтті. Қала әкімі өткен жылы ауыл көлемінде атқарылған жұмыстарға есеп беріп, 2023 жылы жүзеге асырылуы тиіс жұмыстардың барысын таныстырды.

Айта кетейік, Алғабас ауылына ағымдағы жылы  қалалық бюджеттен 90 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде нақты жобаларды жүзеге асыруға 52 млн теңге қарастырылған. Биыл төмендегідей жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмыз.

«Алғабас ауылының шетіндегі балалар саябағын заман талабына  сай қоршау орнату үшін 19 млн теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауыл маңында 9 млн теңгеге спорт (account) алаңын салу және әкімдік ғимаратының алдынан 10 млн теңгеге хоккей кордын жасау жоспарланған. Ауылдық әкімдік ғимаратын 8 млн теңгеге санитариялық торапты су құбыры кәрізін өткізу жоспарланды. 4 млн теңгеге ауыл сыртына қар ұстауға арналған қоршау тұрғызылады. Сонымен қатар, ауылдағы санитарлық тазалықты сақтау мақсатындағы атқарылатын жұмыстарға да бюджеттен қаржы бөлінді»,- деді қала әкімі Н. Төлегенұлы.

Кездесуге келген халық нашар экологияға шағымданып, Берқара кен орнындағы шығарындылар нормаларын өлшеуді сұрады. Қала әкімі Абай облысының экология департаментінің мамандары кен орнында болып, өлшемдер жүргізетіндігін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar