USD448.89EUR477.93RUB4.76

Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

01 ақпан 2023, 17:06
Тіл туралы заңды сақтау мақсатында Семей қаласында жарнамалық белгілер мен плакаттарды бақылау жалғасуда.
Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Мониторинг барысында бірқатар заңсыз ілінген жарнамалық баннерлер мен конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қаланың көркін бұзып тұрған жыртылған, ескірген постерлер де алынып тасталынды. Рейд барысында қаланың ШОБ субъектілерімен заңсыз жарнама орналастыруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Қазақстан Республикасының Заңының 21 - бабында көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналастырылады: сол жақта немесе жоғарыдан - мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменнен-орыс тілінде, көлемі жағынан бірдей әріптермен жазылады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar