USD468.98EUR493.74RUB7.59

Арт-терапиядан шеберлік сабақ өтті

25 қараша 2022, 10:22
Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде швед суретшісі, лингвист, оқытушы және арт-терапевт Александра Бергдаль-Ларссонның шеберлік сабағы өтті.
Арт-терапиядан шеберлік сабақ өтті

Арт-терапия – бұл психологиядағы перспективалы бағыттардың бірі, ол жақында танымал бола бастады. Бұл музыка, кескіндеме, шығармашылық арқылы адам психикасына әсер ету процесі.

Александра Бергдаль-Ларссон нейрологиялық ерекшеліктері (афазия, деменция) және аутистік спектр диагнозы бар адамдармен арт-терапевт ретінде жұмыс істейді.

Суретші ретінде ол өзінің картиналарында авангардты, абстрактілі экспрессионизмді және автоматты жазуды біріктіреді, сонымен қатар визуалды тілдер мен интерсемиотикалық аударма тақырыптарын зерттейді.

Көрермендер музыканы тыңдап, оны бояу түстерін қолдана отырып, сурет бетіне түсіруге тырысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar