USD479.42EUR467.91RUB8.21

Мұражайда өткен кеш

22 қыркүйек 2022, 11:04
Семей қаласындағы Ф.И Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайында «Ф.М. Достоевский Қазақстан халықтарының тілдерінде» атты кеш өтті.
Мұражайда өткен кеш

Кеш барысында қалалық Достық үйінің этномәдени орталықтарының өкілдері Достоевскийдің шығармаларынан үзінділер оқыды. Мұражай қонақтары қазақ және татар тілдерінде «Қылмыс пен жаза», корей тілінде «Ағайдың түсі», неміс тілінде «Ойынқұмар», өзбек және украин тілдерінде «Қорланған және Масқараланған»​ романдарын өзге тілде оқылғанын естіп, көре алды.

Студенттер алмасу бағдарламасы бойынша​ АҚШ-тан келген қонағымыз Эмма Ларсон тіл кеші туралы өз әсерімен бөлісті.

- Мен Қазақстанның бірнеше қаласынан Семей қаласын таңдадым, себебі осы қалада Достоевскийдің өмір сүргенін білдім, оның кітаптарына қатты таңдандым. Оның әр түрлі тілдерде қалай дыбысталатынын есту мен үшін өте қызықты болды, - деп қонағымыз өз ойы мен бөлісті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

22 қыркүйек 2022, 11:04
22 қыркүйек 2022, 10:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar