USD448.15EUR483.46RUB4.86

Семейде оқушыларға арналған робототехника орталығы ашылды

22 қыркүйек 2022, 09:42
Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімі Абай Нұрлан Уранхаев пен "Сәби" қорының негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев қатысты.
Семейде оқушыларға арналған робототехника орталығы ашылды

Жаңа кабинет "Activepanel AP 75" сенсорлық моноблокымен, радиобасқарылатын үлгілерді жасауға арналған робототехникалық жинақпен, модельдерді құюға арналған "CREATOR Pro" 3Д принтерімен, футбол алаңдары мен футбол роботтарын ойнауға арналған инфрақызыл доптармен жабдықталған.

Өңір басшысы балаларды жаңа технологияларға тартудың маңыздылығын атап өтті.

"Меценаттардың осындай қолдауының арқасында көптеген балалар ғылыми-техникалық салада, инновациялық салада білім алуға мүмкіндік алды. Семейде жаңа цифрлық орталықтың ашылуы біздің облысымыздың балалары үшін өзекті және уақтылы, өйткені робототехника – болашақтың ең перспективалы бағыттарының бірі. Біз балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін іске асыруға көмектесетін барлық жобалар бойынша ынтымақтастыққа қуаныштымыз және дайынбыз", - деп атап өтті Нұрлан Уранхаев.

"Сәби" қорының президенті Әсел Тасмағамбетова орталықтарды республикалық деңгейде масштабтау туралы шешімнің кездейсоқ пайда болмағанын түсіндірді.

"Market Research Future зерттеуіне сәйкес робототехниканың жаһандық нарығы жыл сайын 22,8% - ға өседі және 2030 жылға қарай $214,68 млрд. долларға жетеді деп күтілуде. "Сәби" қоры 20 жылдан астам Қазақстанның өңірлік қалаларында қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді және Біз дарынды балалар мен талантты педагогтардың көп екенін көріп отырмыз. Бұл бізге робототехника орталықтары сұранысқа ие болады және жоба жақсы нәтиже береді деп болжауға негіз береді", - деді Әсел Тасмағамбетова.

Жобаны "Сәби" жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырады және қаржыландырады. Семейдегі орталықтың жалпы ауданы - 75 ш.м. жобаның құны 26,3 миллион теңгені құрады.

Робототехника орталықтарына барлық оқушылар тегін бара алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar