Бұл жердің энергетикасы ерекше. Сондықтан болар мұнда ғалымдар, ақындар, суретшілер, жазушылар мен туристтер көптеп ағылады. Мұзтау тауында демалудың өзі бір ғанибет. Оның аумағында туристік базалар мен кешендер, қонақтарға арналған үйлер бар. Сондай-ақ мұнда сауықтыру кешені бар. Онда панта ваннасы мен марал шаруашылығы орналасқан. Мұзтау тауына экскурсия жасауға альпинистер мен экстримді ұнататын жандар келеді. Бұдан бөлек бұл жаққа мәдени мұра мен Алтай аймағының тарихымен терең танысқысы келетін саяхатшылар да ат басын бұрады.
Таулы Алтай аймағының мистикалық орындарының қатарына Ярлу аңғары жатады. Ормандағы сирек кездесетін гүлдер мен жартастардың кез келген жанды таңғалдыратыны рас. Шаман тасының маңайынан медитациямен айналысатын адамдарды жолықтыруға болады.
Мистикалық орындардың бірі - Ақкем өзені. Айтпақшы, бұл атауды керісінше оқысаңыз, "Мекка" деген сөз шығады.