USD495.2EUR522.34RUB4.94

Шымкентте полиция қызметкер көлігі қағып кеткен келіншек өмірден өтті

17 тамыз 2023, 17:12
Шымкентте полиция қызметкері көлікпен қағып кеткен 40 жастағы келіншек көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкентте полиция қызметкер көлігі қағып кеткен келіншек өмірден өтті

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 3 тамыз күні Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран аудандық полиция бөлімінің жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан 40 жастағы әйел мен оның кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді.

Келіншек №1 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Дәрігерлер үш күн бойы арпалысқанымен, науқастың өмірін аман алып қала аламады.

«Науқас жасанды тыныс алу аппаратында болды. Ем шаралары жүргізілгеніне қарамастан, жағдайы ауырлап, 7 тамыз күні қайтыс болды», — дейді дәрігер Оңалбай Нарманов.

Жол-көлік апаты Шымкент қаласы Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тергеліп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar