USD444.32EUR473.33RUB4.76

Елімізде балық аулауға тыйым салынды

03 сәуір 2023, 14:34
5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалады
Елімізде балық аулауға тыйым салынды

"Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық және басқа да су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін ел аумағында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында "уылдырық шашу" акциясын өткізеді. Ведомство әр өңірдегі ерекшеліктерді ескере отырып балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізді", - деді Ішкі министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.  

Сонымен қатар акция талаптарын бұзғандарға да жаза қарастырылған. 

"Осы кезеңде мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері балық аулауға тыйым салуға, балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алып,өткізудің, тасымалдаудың фактілерін анықтап,бұндай әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын көздейді.Осы тыйымды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік кодекстің 383-бабы бойынша 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша) қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деді ІІМ өкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar