USD447.4EUR477.55RUB4.76

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

31 қаңтар 2023, 15:25
Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 26 қаңтардағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады.
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Құжатқа сәйкес, 2023 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы 345 офицер шақырылады.

Атап айтқанда, шақырылатын:

260 адам - ҚР Қарулы Күштеріне;

60 адам - ҰҚК Шекара қызметіне;

16 адам - ТЖМ-де;

9 адам - Ұлттық ұланға.

Қаулы 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar