USD443.85EUR474.3RUB4.8

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы Семей тұрғынын тапты

31 қаңтар 2023, 14:49
30 қаңтарда "102" арнасына 34 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қыз үйден шығып, оралмады.
Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы Семей тұрғынын тапты

Жоғалған қыздың жоғалып кету фактісі Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Оны іздеуге Абай облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы бағдарланды. Іздеуге 150-ден астам полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Іздеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары жоғалған адам болуы мүмкін жерлерді зерттеді. Полиция қызметкерлері көптеген адамдармен жоғалған қызды мүмкін көрген шығар деп сұхбаттасты.

Облыс орталығының сергек тұрғынының ақпараты бойынша қыздың шамамен орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік туды.

Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкері көшеде қызды тапты. Қазіргі уақытта бала ата-анасына берілді, профилактикалық әңгіме жүргізілді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar