USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жол полицейлері көмекке келді

23 қаңтар 2023, 16:36
Облыс орталығында тәртіп сақшылары босанған әйелге ауруханаға уақытында жетуге көмектесті.
Жол полицейлері көмекке келді

Патрульдік полиция батальонының полицейлері Семей қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойында қоғамдық тәртіпті сақтауда болды, кешкі уақытта жолдың бұл учаскесі кептелістердің пайда болуына байланысты шамадан тыс жүктелді.

Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Айдар Әбутханов қызмет атқару бекеттерін тексерген болатын. Осы кезде оған бір жас жігіт оның көлігін перзентханаға дейін алып жүруді өтінді. Өйткені оның көлігінде босанайын деп отырған жұбайы болған. Қала орталығында кептеліс салдарынан ауруханаға дер кезінде үлгере алмайтынын айтты.

Полицейлер ана мен баланың денсаулығына қауіп төндірмес үшін, арнайы жарық пен дыбыстық сигналдарды қолдана отырып еріп жүріп босанатын әйел отырған көлікті перзентханаға жеткізді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar